+7 (727) 292-09-09
+7 (707) 192-09-09

ӨндІрушІлердІҢ тҮпнҰсҚа BAOFENG рациялары тиІмдІ баҒамен, ҚазаҚстан бойынша жеткІзу тегІн

Рацияны таңдау

РАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Рациялар - бұл қашықтықта радиотолқындар көмегімен
сымсыз лезде дауысты хабарлармен алмасуға
мүмкіндік беретін шағын тасымалданатын
құрылғылар.

  • Тегін байланыс: байланысу және қызмет көрсету үшін қандай да бір төлемдер жоқ. Ешқандай шектеусіз тегін сөйлесе беруге болады!
  • Тәуелсіздік: қызмет көрсету аймағынан толықтай дербестік. Рациялар ұялы байланыс тұрақты емес немесе мүлдем жоқ жерлерде де мінсіз жұмыс жасайды.
  • Жылдамдық және жеңілдік: аса жоғары жылдамдық және қосылу жеңілдігі. Нөмірді іздеуге, теруге және байланысуға уақыт кетірмей, бір ғана батырманы басу арқылы қоңырау шаласыз; сигнал автоматты түрде қабылданады.
  • Лимитсіз қарым-қатынас: бір уақытта саны шектелмеген пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Сіздің дауысты хабарламаңызды Сізбен бір арнаға бапталғандардың барлығы бір уақытта алады.
Рацияға тапсырыс беру

Тауардың барлығы 100% түпнұсқа және голографиялық жапсырмамен қорғалған
Сатпас бұрын рациялар оңтайлы тәсілмен бапталады, бұл сенімді байланыстың максималды ұзақтығын және зарядтамай-ақ ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Рациялар рұқсат етілген жиіліктерге бағдарламаланған, сондықтан қолдану үшін лицензиялар мен рұқсаттарды талап етпейді
Кепілдік және 14 күн ішінде қайтару.
2 данадан көп сатып алған кезде Алматы қаласы
және Қазақстан бойынша тегін жеткізу
Ыңғайлы төлеу тәсілдері.

Қолдану саласы

Тұрмыста:

  • - аңшылық пен балық аулауда
  • - жорықта
  • - саяжайда
  • - велосеруенде
  • - жағажайда
  • - спортпен шұғылдану үшін (шаңғы, сноуборд, альпинизм)
  • -
  • - кез келген үлкен аумақтарда байланысу үшін

Кәсіпқойлар үшін:

  • - объекттерді күзету
  • - жабдықтарды монтаждау және орнату
  • - жол, ғимараттар және құрылыстар салу
  • - дала және ауыл шаруашылық жұмыстары
  • - пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және өндіру
  • - өндіріс
  • - қызметтер саласы (кафе, мейрамхана, қонақүй)
  • - жаппай шаралар өткізу
  • - сауда-ойын сауық орталықтары
  • - техникалық қолдау қызметтері

Рация сатып алу

Рациялар каталогы

сатылҒан рациялар: 338

6601 тг

Baofeng BF-666s Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 7 км дейін
Жиілік диапазоны 400-480МГц
Каналдар саны 16
Таратқыштың шығыс қуаты 3.5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

6621 тг

Baofeng BF-777s Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 7 км дейін
Жиілік диапазоны 400-480МГц
Каналдар саны 16
Таратқыштың шығыс қуаты 3.5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

6640 тг

Baofeng BF-888s Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 7 км дейін
Жиілік диапазоны 400-480МГц
Каналдар саны 16
Таратқыштың шығыс қуаты 3.5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

7827 тг

Baofeng BF-A5 Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 7 км дейін
Жиілік диапазоны 400-470МГц
Каналдар саны 16
Таратқыштың шығыс қуаты 3.5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

11745 тг

Baofeng UV-6 Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 12 км дейін
Жиілік диапазоны 400-520МГц/136-174МГц
Каналдар саны 128
Таратқыштың шығыс қуаты 5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

11910 тг

Baofeng UV-5R Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 12 км дейін
Жиілік диапазоны 400-520МГц/136-174МГц
Каналдар саны 128
Таратқыштың шығыс қуаты UHF: 4Вт/1Вт VHF: 5Вт/1Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

12529 тг

Baofeng UV-6R Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 7 км дейін
Жиілік диапазоны 400-520МГц/136-174МГц
Каналдар саны 128
Таратқыштың шығыс қуаты UHF: 4Вт/1Вт VHF: 5Вт/1Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

13313 тг

Baofeng UV-82 Premium

Далалық жазық жердегі байланыс ұзақтығы 12 км дейін
Жиілік диапазоны 400-520МГц/136-174МГц
Каналдар саны 128
Таратқыштың шығыс қуаты 5 Вт
CTCSS/DCS каналдарын кодтау жүйесі

Baofeng Premium моделІнІҢ Қарапайым Baofeng рацияларынан ӨзгешелІгІ:

Baofeng Premium модельдерінің барлығы осы рацияның 100% түпнұсқа екендігіне және тікелей өндірушіден жеткізілетіндігіне кепілдік беретін голографиялық жапсырмамен қорғалған.
Арзан жасанды рациялардан сақтаныңыз!


Baofeng Premium модельдерінің барлығы сенімді байланыстың максималды тиімділігі мен қашықтығын қамтамасыз ететіндей етіп бапталған. Baofeng Premium модельдерінің баптауларын қарапайым Baofeng рацияларына жай ғана көшіру жұмыстың дәл осындай тиімділігі мен қашықтығын қамтамасыз ете алмайды.


Baofeng Premium модельдерінің барлығы рұқсат етілген лицензиясыз жиіліктерге бағдарламаланған және қолдану үшін арнайы рұқсат алуды талап етпейді. Бейімдеуден өтпеген қарапайым Baofeng рациялары тыйым салынған жиіліктерде жұмыс жасайды, бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.


Рацияны таҢдай алмадыҢыз ба?

Біздің менеджеріміз рацияны таңдауға көмектеседі және барлық сұрақтарыңызға қуана жауап береді. Менеджердің Сізге хабарласуы үшін атыңыз бен телефон нөміріңізді қалдырыңыз.


Құпиялық саясаты

ТӨлеу жӘне жеткІзу

ТӨлеу

Біздің дүкенімізде тапсырысыңызды келесі тәсілдермен төлей аласыз:

Қолма-қол ақшамен

Тапсырысты алған кезде курьерге, сонымен қатар тауарды кеңсемізден сатып алу кезінде. Бұл төлем түрі тек Алматы қаласында ғана қолданылады.

Visa, MasterCard банк карталарымен

Сайтқа онлайн тапсырыс орналастыру кезінде. Бұл төлем түрі Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында, сонымен қатар тауарды кеңсемізден сатып алу кезінде қолданылады.

QIWI немесе WMZ-әмиянмен

Сайтқа онлайн тапсырыс орналастыру кезінде. Бұл төлем түрі Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында, сонымен қатар тауарды кеңсемізден сатып алу кезінде қолданылады.

Қолма-қол ақшасыз төлеммен

Төлем ұсынылған шотқа ақша аудару арқылы жасалады. Шотты сайтқа онлайн тапсырыс орналастыру кезінде немесе менеджерлерге электронды пошта, WhatsApp немесе телефон арқылы хабарласқан кезде рәсімдеуге болады.

ЖеткІзу

Біз тапсырыстарды Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына келесі тәсілдермен жеткіземіз:

Өздігінен алып кету

Тапсырысыңызды кеңсемізден өзіңіз келіп алып кете аласыз

Алматы қаласы бойынша курьермен

- Алматы қаласының ішінде жеткізу құны 1500 теңгені құрайды.
- Екі және одан да көп рацияға тапсырыс берген кезде жеткізу тегін.
тегін.
- Тапсырысты курьерге төлеуге болады.

Exline курьер қызметімен «есікке дейін»*

- "Есікке дейін" жеткізу құны 1500 теңгені құрайды.
- Екі және одан да көп рацияға тапсырыс берген кезде жеткізу
тегін.
- Тапсырыс 100% төлем жасағаннан кейін ғана жіберіледі.
* Тек Астана қаласы мен облыс орталықтары үшін

«Қазпошта» АҚ

- Қазақстан Республикасының барлық елді-мекендеріне.
- Ең жақын пошта бөлімшесіне дейін жеткізу құны 1500 теңгені құрайды.
- Екі және одан да көп рацияға тапсырыс берген кезде жеткізу
тегін.
- Тапсырыс 100% төлем жасағаннан кейін ғана жіберіледі.

Контакттар

Түпнұсқа Baofeng рацияларының интернет-дүкені

«InveStore» ЖШС, БСН 150140019628
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ., Жамбыл к-сі, 106Б, Байтұрсынұлы к-сінің қиыл., 2-кеңсе
Телефондары:
+7 (727) 292-09-09
+7 (707) 192-09-09

Сайтты қолдану ережелері


«InveStore» ЖШС компаниясының Web парағына қатынау құқығын алған тұлғалар қолданудың төмендегі ережелерімен автоматты түрде келіседі. Осы қолдану ережелері алдын ала хабарлаусыз, кез келген уақытта өзгертіле алады; өзгерістер оларды web сайттың осы бөлімінде жариялағаннан кейін күшіне енеді.


Мазмұны


Осы web сайттың мазмұны «InveStore» ЖШС компаниясының коммерциялық қызметі туралы жалпы ақпаратты ұсынады. Осы web сайтта ұсынылған ақпарат тиісті шартты жасағанға дейін пайдаланушы үшін оферта болып табылмайды.


«InveStore» ЖШС компаниясының осы web сайтындағы тиісті ақпараттар алдын ала хабарлаусыз өзгертіле, толықтырыла немесе жойыла алады.


Компания: «InveStore» ЖШС


Дербес деректерді қорғау


«InveStore» ЖШС компаниясы дербес деректерді қорғауға аса назар аударады. Пайдаланушы web сайтқа қатынау құқығын алған кезде пайдаланушының дербес деректері пайдаланушы қол жеткізгісі келетін байланысты орнату үшін қажет болған жағдайда ғана тіркеле, өңделе және сақтала алады. Дербес деректер қатаң құпиялықпен сақталады және өңделеді.


Пайдаланушыларға кодталмаған ақпараттарды жіберу кезінде ашық желідегі бұл деректерді үшінші тұлғалар оқуы, өзгертуі немесе жоюы мүмкіндігін ескертеміз. Осы себепті деректерді «InveStore» ЖШС компаниясының web сайтынан/сайтына жіберуді пайдаланушы өз тәуекелімен жүзеге асырады.


Материалдық емес құндылықтар мен басқа да құқықтар


Осы web сайттың жалпы мазмұны мен құрылымы, әсіресе, парақта қолданылатын атаулар, логотиптер, фотосуреттер, дизайндар, мәтіндер және басқа да материалдар авторлық құқықпен, тауар белгісін қорғаумен және басқа да құқықтармен қорғалған және «InveStore» ЖШС компаниясы осы web сайтты жасау үшін ұсынған үшінші тұлғалардың құқықтарын қоспағанда, «InveStore» ЖШС компаниясына тиесілі.


Жекелеген парақтарды немесе құжаттарды жүктеуге немесе басып шығаруға коммерциялық емес, жеке қолдану үшін ғана рұқсат етіледі. Осы web сайттың мазмұнын және осы сайтқа кез келген сілтемелерді кез келген көшіруге, қоғамдық немесе коммерциялық қолдануға «InveStore» ЖШС алдын ала жазбаша келісімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.


Жауапкершілікті алып тастау


Біздің компаниямыз осы сайт мазмұнын сенімді әрі дұрыс қылуға тырысады, дегенмен олқылықтар кездесуі мүмкін. Сол себепті сайтты өз тәуекеліңізбен қолданасыз. Осы сайтты қолдану нәтижесінде, әсіресе дұрыс емес ақпараттар, техникалық мәселелер немесе сәтсіз қатынау әрекеті негізінде туындайтын ықтимал залалдар үшін кез келген жауапкершілік алынып тасталған.


«InveStore» ЖШС web парағы үшінші тұлғалардың Web парақтарына сілтемелерден тұрады. Бұл парақтарды «InveStore» ЖШС қолданбайды және бақыламайды. «InveStore» ЖШС парағынан жасалған сілтемелерге байланысты парақтарды пайдаланушылардың құқықтарын қорғау үшін «InveStore» ЖШС жауап бермейді.


«InveStore» ЖШС, БСН 150140019628
Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қ., Жамбыл к-сі, 106Б, Байтұрсынұлы к-сінің қиыл., 2-кеңсе

Телефондары:
+7 (727) 292-09-09
+7 (707) 192-09-09
Қоңырау шалыңыз! Сізге қуана көмектесеміз

E-mail: info@baofengradio.kz